Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам болып саналады, бұл мейрам тек қана Қазақстандықтардыңғана емес сонымен қатар 131 елдің тойлайтын мерекесі. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.
Осы Ұлыстың ұлы күні – әз наурызға арнап Мәртөк аудандық ауруханасының кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 наурыз күні ауруханаға келушілерге қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ және Наурыз мерекесінің басты асы наурыз көжесін ұсынды.
Сонымен қатар аудандық аурухана 22–наурызға арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік кеште аудандық емхана, Сарыжар дәрігерлік амбулаториясы және Жайсан дәрігерлік амбулаториясы арасында сайыс болып өтті. Сайысқа қатысушылар әр ұлттың ұлттық тағамдарын, киімдерін және салт дәстүрлерін көрсетті. Сайсқа арналып Мәртөк аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Сүйінғалиева Қымбат Шоқай қызы, Мәртөк тыныс газетінің бас редакторы Ониськова Елена Брониславна және Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантурлиев Бостан Бадиканович әділ қазы ретінде шақырылды. Сайыста Сарыжар дәрігерік амбулаториясы №1 орын, Мәртөк аудандық емханасы №2 орын және Жайсан дәрігерлік амбулаториясы №3 орынға ие болды. Сайысқа қатысушыларға Мәртөк аудандық ауруханасының кәсіподағы атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар кеш барысында ауданымыздың әкімі Салықбаев Алмас Сағынадинұлы Мәртөк аудандық ауруханасының ұжымын келіп жеткен Наурыз мерекесімен құттықтады және де ауруханамыздың қызметкерлеріне алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берді.