Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, қоғамның сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты болатын денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикисының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, біздің медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Біздің негізгі мақсаттарымыз бен қағидатымыз:
Ашықтық пен қолжетімділік: Пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің, оның ішінде МӘМС (Медициналық сақтандыру) және ТМККК (Тегін көмек) шеңберіндегі қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік: Әрбір медицина қызметкерінің бойында заң бұзушылықтарға қарсы мүлдем төзбеушілік (нулевая терпимость) қасиетін тәрбиелеу.
Цифрландыру: Құжаттарды рәсімдеу, кезекке тұру және жолдамалар беру процестерін цифрлық форматқа көшіру арқылы адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби этиканы қатаң сақтауы, пациенттердің құқықтарын құрметтеуі және өз міндеттерін адал атқаруы – денсаулық сақтау жүйесіне деген халық сенімінің кепілі.
Құрметті пациенттер мен аурухана қонақтары!
Егер сіз біздің мекемеде сыбайлас жемқорлық фактілерімен немесе заңсыз әрекеттермен (пара талап ету, қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) кездессеңіз, дереу емхана әкімшілігіне немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 бірыңғай сенім телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.
Біз таза, ашық және сапалы медицинаны бірге қалыптастырамыз!
Комментарии (0)
Добавить